Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция жоғалған шетелдікті іздеп тапты

Жоғалған шетелдікті Қарасай ауданында полиция қызметкерлері анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні көші-қон полиция қызметкерлері көрші мемлекетте хабар-ошарсыз кеткен 50 жастағы азаматты ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасына қайтару туралы мәселе қарастырылуда.

– Іле ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың екі фактісі тіркелген. Бұл деректер бойынша ҚР ҚК-нің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді облыстық көші-қон қызметі басқармасында.

Осы жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 543 адам жауапқа тартылды, оның 3 840 – басқа мемлекеттердің тумалары. 12 қылмыстық іс қозғалып, 196 шетелдік елден шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шара 21 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру