Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті

Алматы облысында полиция "Sunqar" жүйесі мен дрондар арқылы жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полициясы жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін қолға алған кешенді бағдарламаны жалғастыруда. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғасын азайтып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жолдағы бақылауды күшейту үшін дәстүрлі шаралармен қатар заманауи техникалық құралдарды да белсенді қолдануда. Полицияның арсеналында – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын фото және бейне түрінде автоматты түрде тіркейтін "Sunqar" жылжымалы кешені мен дрондар бар. Тәртіп сақшылары жүргізушілермен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне біріктірілген "Sunqar" кешені құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, мәліметтерді базаға жедел жолдайды. Бұл жауап беру жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріп, адам факторын жояды.

Жүйе тіркейтін құқық бұзушылықтардың қатарына жылдамдықты арттыру, қызыл шамға өту, тұтас сызықты кесіп өту, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да заң бұзушылықтар кіреді.

Техникалық бақылаумен қатар жүргізушілермен алдын алу жұмыстары да жалғасуда: профилактикалық түсіндірмелер өткізіліп, жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде.

– Қазіргі технологиялар бізге құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл – жол-көлік оқиғаларын азайтудың қадамы. Жолдағы қауіпсіздік – бұл тек біздің жауапкершілігіміз ғана емес, әрбір жүргізуші жауапкершілікті сезініп, шараға саналы түрде қатысуы тиіс, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Полиция барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және бір қателіктің өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін әрдайым есте сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру