Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицияның заңды талабына бағынбаған ер адам жауапқа тартылды

Алматы облысында полицияның заңды талабына бағынбаған ер адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 14 мамырында Алматы облысында жеке тұрғын үйдің ауласында 55 жастағы азамат полицияға қызметтік міндеттерін атқару барысында физикалық қарсылық көрсеткен.

Азамат полиция қызметкерінің заңды талаптары мен ескертулерін бірнеше рет елемей, кейін оған қарсы тастар мен шанышқы сияқты тұрмыстық заттарды лақтырып, күш қолданған.

– Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері “Билік өкіліне күш қолдану” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдікті құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Алматы облыстық полиция департаменті.

Қазіргі таңда ұсталған адамның әрекетіне құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ішкі істер органдары полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру