Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында қарқынды оқу-жаттығу жиындары басталды

Алматы облысында полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын күшейту бойынша жыл сайынғы жоспарлы жұмыс басталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы аптада облыстық полиция департаментінде бес күндік оқу-жаттығу жиыны басталып, оған патрульдік қызметтен бастап, мамандандырылған күзет қызметіне дейінгі барлық бөлімше өкілдері қатысуда.

Оқу бағдарламасы алғашқы медициналық көмек көрсету, дағдарыстық және төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер, жаттығулар, атыс және дене шынықтыру, жауынгерлік ұрыс әдістері, Макаров тапаншасынан ату, граната лақтыру, сонымен қатар тактикалық және арнайы дайындық элементтерін қамтиды.

Сабақтар арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының тәжірибелі нұсқаушыларының, сондай-ақ шақырылған мамандар – кинологтар, арнайы жасақ нұсқаушылары, психологтар, дәрігерлер мен ТЖД қызметкерлерінің жетекшілігімен өтеді.

Оқу процесі барынша нақты жағдайларға негізделген. Әрбір қатысушы физикалық және күйзеліске төзімділікті, жылдам жауап беру дағдыларын және тактикалық ойлауды дамыту бойынша жұмыс істейді.

Оқу-жаттығу жиындары қазан айының соңына дейін айына екі рет өткізіледі. Бұл – жедел қызметтің тиімділігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметкерлерді кешенді оқытудың маңызды бөлігі.

Басты мақсат – білікті, өзіне сенімді және психологиясы мықты, уақыт сынына дайын, кез-келген жағдайда нақты әрекет ете алатын полиция қызметкерін кәсіби дамыту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру