Алматы облысында "Қауіпсіз жол" ЖПІШ аясында полиция басшылығы рейд жүргізді
Алматы облысында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында полиция басшылығы рейд жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция департаментінің және аудандық бөлімшелердің басшылығы өңір жолдарына шығып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір рет түсіндірді. Әңгіме барысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылдамдықты асырмау және көлікті мас күйінде басқаруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
– Полиция басшылығының мұндай іс-шараларға қатысуы – жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға және қоғам алдында жеке үлгі көрсетуге бағытталған маңызды қадам, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Оқиға орнында жүргізілген профилактикалық жұмыс – әрбір жүргізушіге жол ережелерін сақтау өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өмірін қорғаудың басты кепілі екенін ұғындырудың тиімді мүмкіндігі.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият, сақ әрі жауапты болуға шақырады.