Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекемесінің базасында ҚАЖ және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мекемелердегі азаптаудың алдын алу және заңдылықты сақтау бойынша жұмыс кездесуі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс кездесуі ҚАЖД басшылығының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мамандандырылған прокуратура, ҰҚКД, Алматы облысы ПД және Ұлттық ұлан басшылығының қатысуымен өтті.

Кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаудың салдары және қылмыстық-атқару жүйесі қызметіндегі жекелеген мәселелер талқыланды.

Шақырылған қонақтар заңдылықты сақтаудың маңыздылығы, бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу шаралары туралы түсіндірме жұмыстар өткізді. Сонымен қатар ҚАЖД және Ұлттық ұлан қызметкерлерін жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарын сақтауға және қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дайындаған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

– Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзекті тақырыптардың бірі және біз тиісті бақылауды қамтамасыз ете отырып, Алматы және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын алу бойынша қажетті кешенді шаралар қабылдайтын боламыз, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары м.а. Магнис Сабиров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру