Алматы облысында ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттардың мекемеге кіруінің алдын алды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттардың мекемеге кіруінің алдын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ қызметкерлері мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеттерінің алдын алу бойынша тиімді жұмыс жүргізуде.
№12 мекемесінде сотталғанға арналған сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері трамадолды жасырын түрде өткізуге тырысқан ер адамды анықтады. Тыйым салынған заттар айлакерлікпен қант алмастырғыш орамасына жасырылған.
Алайда ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында бұл заңсыз әрекет дер кезінде әшкереленді. Аталған факті бойынша жедел түрде полицияның жедел-тергеу тобы шақырылды. Тыйым салынған заттарды беруге әрекет жасаған тұлғаға қатысты тексеру жүргізілуде.
— Мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз. Режим талаптарының сақталуын бақылау одан әрі күшейтіледі, ал қызметкерлер мекемелер аумағындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қырағылықты жалғастырады, - деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Бақытжан Шәріпбеков.