Алматы облысында қоғамдық жұмыстан жалтарған пробация есебіндегі азамат қамауға алынды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты Талғар аудандық пробация бөлімінің есебіндегі сотталған ер адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық сот үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша ер адам 120 сағатқа сотталды. Алайда соталған сотпен белгіленген міндеттерді орындамай, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарды.
Пробация бөлімі сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін жазаны қамауға алуға ауыстыруға сотқа ұсыным жіберді. Сот отырысына жаза өтеу тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында пробация есебіндегі сотталғандар да қатыстырылды.
– Талғар аудандық сотының қаулысымен қоғамдық жұмысты орындаудан жалтарған адам сот отырысында қамауға алынды. Бұл өткізілген ашық сот отырысы пробация есебіндегі сотталғандарға үлгі болары сөзсіз, – деді пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Айдар Қосжанов.