Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде

Алматы облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша 5 қаңтардан бастап "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

- Алдын алу жұмыстарын жүргізуге екі мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де тартылды. Айта кету керек, бұл іс-шараның үшінші кезеңі, алғашқы екі кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында өткізілген болатын, - дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Барлық жерде күндізгі және түнгі уақытта жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді.

- Жедел алдын алу іс-шарасы міндеттерінің бірі-есепке алынған адамдарды тексеру, пәтерлерді заңсыз жалға беретін адамдарды анықтау, қару иелерін тексеру және т. б. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының назары өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады, - деп толықтырды Бағдат Әшімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру