Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында құжаты жоқ тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр

Алматы облысында жеке құжаттары жоқ және белгісіз құқықтық мәртебесі бар адамдарды анықтау және тіркеу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бастама полиция қызметкерлерінің БҰҰ және адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро өкілдерімен ынтымақтастығы шеңберінде өткізіледі. Науқанның мақсаты құжатталмаған адамдарды анықтау ғана емес, сонымен қатар әрбір азамат өзінің құқықтары мен әлеуметтік қорғалуына қол жеткізе алатындай қажетті құжаттарды рәсімдеуде оларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Науқан әртүрлі себептермен жеке куәліксіз қалған адамдарға: Қазақстаннан тыс жерде туылған балалар, құжаттарын жоғалтқан қарт азаматтар және оларды бұрын алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға көмектесуге бағытталған.

– Процеске азаматтарға кеңес беруге, олардың жеке басын растау және толыққанды құқықтық мәртебе алу үшін қажетті ақпаратты жинауға және құжаттарды ресімдеуге көмектесуге дайын арнайы оқытылған қызметкерлер қатысады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ОӘК бастығы Рүстем Жарықбасов.

Көші-қон қызметінің өкілдері өңірдің барлық тұрғындарына құжаттарды рәсімдеуге көмекке мұқтаж адамдар туралы хабарлауды сұрайды. Ол үшін жергілікті көші-қон қызметі бөлімшесіне хабарласу қажет. Сондай-ақ құқықтық қолдау және кеңес беру үшін әр өңірде жүгінуге болатын жауапты қызметкерлер тағайындалды.

– Егер сіз құжаттарсыз тұратын адамдар туралы білсеңіз, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз. Құқықтық көмек көрсету және білікті кеңес алу үшін әр ауданда жауапты қызметкерлер бекітілді, – деп толықтырды Р. Жарықбасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру