Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аллея ашылды

Алматы облысында Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аллея ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле ауданы Өтеген батыр ауылында батырларға арналған еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Ұлы батыр Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

– Аллея аудан орталығының көрнекті жерінде жас полицейлер, шекарашылар мен құтқарушылар оқитын екі мектептің арасында орналасқан. Ол біздің отандасымыздың ерлігін дәріптеуге ғана емес, сондай-ақ жастарды патриоттық тәрбиелеуге маңызды үлес қосары сөзсіз, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ТжКЖБ бастығы орынбасарының м.а. Жанар Коптлеуова.

Рахымжан Қошқарбаев – 1945 жылы мамыр айында Рейхстагта Жеңіс туын көтерген алғашқы батырлардың бірі. Оның батылдығы, Отанға деген адалдығы және жарқын болашаққа деген сенімі батырдың символына айналды. Оның жеңіске қосқан үлесін бүгінгі ұрпақ мәңгі есте сақтайды.

– Еске алу аллеясын ашу – тарихты жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Бұл жас ұрпаққа әрбір азаматтың өз елінің өркендеуіне қосқан үлесінің маңыздылығын еске салады. Бүгінгі күні, цифрлық дәуірде, ата-бабаларымыз күрескен құндылықтарды сақтау үшін жастарға батылдық пен төзімділік мысалдарын беру өте маңызды, – деп түйіндеді Ж. Коптлеуова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру