Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында шетел азаматтары көші-қон қызметкерлеріне алғыс білдірді

Алматы облысында шетел азаматтары көші-қон қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына шетелден тұрақты тұру үшін келген азаматтар алғыс білдіріп келді. Заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтар құжаттарды рәсімдеу барысында көрсетілген кәсібилік, жауапкершілік және мұқият қарым-қатынас үшін полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.

Алғыс ретінде қонақтар қызметкерлерге гүл сыйлап, ақсақал ақ батасын берді. Көші-қон қызметкерлері үшін бұл кездесу жағымды әрі күтпеген қолдау болды. Полиция қызметкерлері өз міндеттерін "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, заң аясында атқарып жүргендерін атап өтті.

Мұндай алғыс білдіру азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттырып, полиция қызметкерлерін қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында адал қызмет етуге ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру