Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталған млн теңгеден астам грант ұтып алды

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған миллион теңгеден астам сомаға өтеусіз мемлекеттік грант жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен Ақсу ауданы прокуратурасының сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған үйлестіру жұмысының нәтижесінде Ақсу ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған 2021 жылы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқу курсын аяқтады.

Биыл сотталған адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға қатысты.

Комиссияның шешімі бойынша өтеусіз мемлекеттік грант ретінде екі бие мен құлынды сатып алуға 1 225 200 теңге алды.

– Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін бұл мемлекет тарапынан грант алу мүмкіндігі және өз бизнесінде бастама туралы мысал және түсінік. Кәсіпкерлік бастамашылыққа көмек алуға ниет білдірген пробация есебінде тұрған адамдар пробация қызметінің бөлімшелеріне немесе аудандық прокуратураға жүгіне алады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Грант алған сотталған пробация бөліміне, прокуратураға, Халықты жұмыспен қамту орталығына және Атамекен аудандық филиалына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру