Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталғандарға мұражайға экскурсия ұйымдастырылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №49 мекемесінде сотталғандардың мәдени-білім деңгейін арттыру және рухани дамыту мақсатында “Анаға құрмет” мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұражай меңгерушісі Гүлнәр Әбіш қордағы ғасырлық тарихы бар әшекей-бұйымдарды, бас киімдерді таныстырып, тарихы жайлы түсінік берді.

– Іс-шара мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың мәдени мұраға деген құндылық ретінде көзқарасын қалыптастыру, белсенді танымдық қызметке тарту, өз қабілетін дамыту, тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Бұл шара 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру