Алматы облысында табиғатты қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Алматы облысының полицейлері облыс аумағындағы су қоймаларында әуе рейдтерін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 2020 жылдың 3 қарашасында Алматы облысының табиғатты қорғау полициясы Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қолдауымен Қапшағай су қоймасында тікұшақ пайдалана отырып, табиғатты қорғау бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Қапшағай су қоймасының балық шаруашылығы учаскелерін айналып ұшу кезінде полиция қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзудың 7 дерегін анықтады.
Аталған деректер бойынша жауапты қызметкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша жеті әкімшілік хаттама толтырылды.