Алматы облысында түнгі патрульдік қызмет күшейтілді
Алматы облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері түнгі патрульдеуді күшейтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік тәртібін жақсарту, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтаудағы тұрақты дағдыларын дамыту және бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын еске салу мақсатында жүргізіледі.
– Жолдағы ең қауіпті бұзушылықтардың бірі - мас күйінде көлікті басқару жағдайларын анықтауға ерекше назар аударылды. Рейдтердің нәтижесінде облыс орталығының көшелерінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші ұсталды, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Жылдамдық нормаларының сақталуын, басып озу ережелерін, жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүруін қадағалауға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударылады.
Патрульдік экипаж жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде, адамдар көп шоғырланатын жерлерде және қала сыртындағы трассаларда қызмет атқаруда. Жұмыс барлық құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, ықтимал оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
– Түнгі рейдтерді күшейту шараларының басты мақсаты – жазалау емес, алдын алу: жүргізушілерге жол ережелерін сақтау, көлікті басқару кезінде аса мұқият әрі жауапты болу қажеттілігі ескертіледі, – деп толықтырды ведомствода.
Өңірлік полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігі әрбір адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын есте сақтауға шақырады.