Алматы облысында үйден қашып кеткен жасөспірім дін аман табылды
Алматы облысында үйден қашып кеткен жасөспірім дін аман табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасына 17 жастағы қызының жоғалып кеткендігі туралы Есік қаласының 50 жастағы тұрғыны арызданған. Ол жасөспірімнің 8 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында ата-анасымен арадағы жанжалдан кейін белгісіз бағытта үйден кеткендігін жеткізген. Бойжеткеннің өтпелі жаста екенін ескерген ер азамат жаман жағдай болмаса екен деп қатты алаңдатушылық білдірген.
Арыз тіркелгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді іздестірудің ауқымды шаралары ұйымдастырылды. Екі тәуліктен кейін тергеушілер бойжеткенді Қарақемір ауылынан таныстарынан тауып алды. Жасөспірім дін аман ата-анасына табысталды. Қыздың анасы іздеуге қатысқан полиция қызметкерлері туралы жылы лебізін білдірді. Оның айтуынша, алғашқы минуттардан бастап тәртіп сақшылары оны тыныштандырып, оның қызына ештеңе болмайтындығына, дін аман табылатындығына сендірген. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары өз уәделерін орындап, қызын үйіне қайтарды. Әйел КПБ аға жедел уәкілі полиция Қанат Доспаев пен жедел уәкіл полиция Мұқан Смағұловтың жұмысын жоғары бағалады.
Табылған кәмелетке толмаған бойжеткен мұндай жағдайдың қайталанбайтынына сендірді, алайда оған қарамастан жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес шаралар қабылданды.