Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында үш күн ішінде 34 мас жүргізуші ұсталды

25-27 тамыз аралығында Алматы облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында полицейлер 3591 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша жылдамдықты асырғаны үшін 268 құқық бұзушы жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК – нің 596-бабының 3-бөлігімен қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін төрт адам жазаланды, және ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат бермегені үшін 75 жүргізуші жазаланды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілерге 476 әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 34 жүргізуші ұсталды, оның ішінде 32-сі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал екеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өйткені оларды бұрын сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырған.
25 тамызда 22 сағат 13 минутта Қаратал ауданы Ортатөбе ауылында 2020 жылдың наурыз айында 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған «ВАЗ-21063» автокөлігін басқарған 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

25 тамыз күні сағат 19.52-де Қарасай ауданында «Mercedes  Benz» автокөлігімен Ақсеңгір ст.52 жастағы тұрғыны ұсталды. Екі факті ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілерге сотқа дейінгі тергеу кезінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру