Алматы облысында Whatsapp желісі арқылы өзгелерді сан соқтырған алаяқ ұсталды
Алакөл ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайнар ауылының 35 жастағы тұрғыны Алакөл АПБ кезекші бөліміне арызданып, өзінің арызында 2021 жылдың шілде айында Whatsapp желісі арқылы топқа қосылып, аталған топтың Kaspi Gold нөміріне алаяқтық жолмен 40 000 теңге ақшалай салым салдыртып, топтан шығарып жіберген әйелге қатысты шара қолдануды сұраған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті 34 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.