Ұсталған екі көліктің жүксалғышынан тәртіп сақшылары 130 келіге жуық балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алакөл ауданының полицейлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Нива және УАЗ маркалы автокөліктерін тоқтатқан. Екі көлік жүргізушілері 130 килограмға жуық балыққа қатысты ешқандай тиісті құжаттар көрсете алмаған.
Көліктегі балықтар тәркіленіп, тиісті қабылдау орындарына өткізілді. Балықтан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылатынын атып өту қажет.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған дерек бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын анықталуда. Тиісті тексерулерден кейін нақты процессуалдық шешім қабылданады.