Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз елік атқан браконьерлер ұсталды

Алматы облысында заңсыз елік атқан браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 14 қарашада Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясы Іле-Алатау ұлттық паркінің Орман шаруашылығы инспекторларымен бірлесе отырып, арнайы рейд барысында Түрген шатқалында 30, 31, 50 және 52 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Заңсыз аң аулауды кәсіп қылғандардан тіркелген ойық ұңғылы аңшы мылтығы мен атып алынған еліктің денесі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «BMW» маркалы автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары мемлекетке келтірілген материалдық шығынның сомасын айқындауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру