Алматы облысында жас полицейлер ант қабылдады
Алматы облысында жас полицейлер ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті. Оның басты сәті – жас полицейлердің ант қабылдауы болды. Бұл маңызды оқиға олардың борышқа, ерлік пен Отанға деген жанқиярлық адалдығына негізделген кәсіби жолының басталуының символына айналды.
Облыстық департамент басшылығы мен жеке құрамының алдында жас қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарын бұлжытпай орындауға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді.
– Ант – жай ғана сөздер емес. Бұл – бұл – жүрекпен сезініп, санаңмен қабылданатын, адалдық пен табандылыққа жасалған қасиетті серт. Осы сәттен бастап сіздер – қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жоғары жауапкершілік жүктеген құқық тәртібінің толыққанды өкілдерісіздер. Қызметтеріңізді қалай атқарсаңыздар, халықтың бізге деген сенімі соған байланысты болады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов өз сөзінде.
Ант қабылдаумен өтетін гарнизондық жиын – бұл жай ғана рәсім емес. Бұл – моральдық тұрғыда кемелденудің, елге адал қызмет етуге дайын екендіктің көрінісі. Мұндай дәстүрлер жас қызметкерлерге ұрпақтар сабақтастығын, таңдалған мамандықтың маңыздылығын және алғашқы күннен бастап жүктелген жауапкершілікті терең сезінуге мүмкіндік береді.