Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының деңгейі төмендеді

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының деңгейі 38,5%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда Алматы облысында жасөспірімдер жасаған қылмыстарының деңгейі 38,5%-ға төмендеді. Бұл туралы полиция мен облыстық білім басқармасының өкілдері брифингте айтты.

– Кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшелері білім беру қызметкерлерімен бірлесіп 150-ден астам рейдтік іс-шара өткізді. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларда заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеу үшін облыстың оқу орындарында құқықтық тақырыптар бойынша 750 дәріс ұйымдастырылып, өткізілді, – деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Сонымен қатар спикерлер жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тақырыпты қозғады.

– Жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың бос уақыты көбірек болады және олар көбінесе өздері қалады. Олардың іс-әрекеттері әрдайым зиянсыз бола бермейді. Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл тек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің міндеті емес, өйткені балаларымызды тәрбиелеу мен қорғаудағы жауапкершілік бәрімізге, ересектерге жүктеледі, – деп түйіндеді М. Қалиасқаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру