Алматы облысында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша ҚР чемпионаты өтті
12-14 қыркүйекте Алматы облысында күш құрылымдары арасында жауынгерлік қарудан оқ атудан ҚР чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара ҚР ІІМ және “Динамо” ДШСҚ Алматы облыстық полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған барлық құқық қорғау және арнайы ведомстволардың командалары қатысты – ІІМ, ҚМ, ІІМ ҰҰ , ІІМ МКҚБ, ҰҚК, ІІМ КПД, ҚР ҰҚК ШҚ және ҚМА тарапынан.
– Ауқымды жарысқа 28 команда қатысты. Құқық қорғау органдары командалық біріншілікте ғана емес, сонымен бірге жеке есепте де жеңіске жету үшін жарысты. Турнирге қатысушылар Калашников автоматынан 100 метр қашықтықта, сондай-ақ Макаров тапаншасынан 25 метр қашықтықта ату қабілетін көрсетті, – деп атап өтті облыстық арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Берік Нұрғалиев.
Екі күнге созылған чемпионатта қатысушылар жауынгерлік дайындықта өздерінің кәсіби шеберліктерін айқын көрсетті. Олар қаруды қолданудың жоғары деңгейін көрсетті. Екі күндік байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар арасында үздік командалар анықталды. Бұл Алматы, Алматы облысы және Қарағанды облысының полиция департаменттерінің командалары. Күш құрылымдарының ішінде ҚР ІІМ командасы үздік атанды, екінші жүлделі орынды “Динамо”командасы, ал үшінші орынды ҚР ІІМ Ұлттық ұланы иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дайындалған медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.