Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жазасын өтеп шыққан азаматқа сала мамандары кеңес берді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекемесінде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған Р. есімді азамат жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шықты.

Еркіндікке шыққан сотталған азаматты қақпа алдынан туыстары күтіп алды. “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы аясында мекеме қызметкерлері сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жері бар-жоғын анықтап, еркіндікке шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жұмысқа орналасуға қажетті құжаттардың тізімін берді.

Сондай-ақ сотталғанның бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында психолог, заңгер және медицина қызметкерлері кеңес берді.

– Бүгін мен жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шыққалы отырмын. Темір қоршаудың ішінде өмір сүру маған оңай болған жоқ. Әрине, алғашында күйзеліске де түстім. Алайда мекеме қызметкерлері мені қамқорлыққа алып, бостандықтағы өмірге қайта даярлау жұмыстарын жүргізді. Сол үшін алғысымды білдіремін. Болашақта қателікке ұрынбай, дұрыс өмір сүруге тырысамын, – деді Р. есімді азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру