Алматы облысында жер алып беремін деп таныстарын алдаған күдікті әйел ұсталды
-бабыЕңбекшіқазақ ауданында полицейлер алаяқтық қылмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жер телімдерін рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген 62 жастағы әйел таныстарының қалтасын қағып отырған.
Күдікті таныстарынан 45 мың теңге, ал біреуінен 200 мың теңге алған. Жалпы 29 адам алданып қалған. Ал тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл нақты сан емес, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Ауыл тұрғынының бірі полицияға шағымданған соң, тәртіп сақшылары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктінің байланыстарын зерттей бастады. Көп ұзамай бір әйелдің артынан тұтас алаяқтық схемасы ашылды.
– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер дәлелдерді жинап, басқа да жәбірленушілерді анықтаумен айналысуда. Сондай-ақ оның өзге де құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы мұқият тексерілуде, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер бұл істі соңына дейін жеткізіп, барлық заң бұзушылықтар жазасыз қалмауы үшін жұмыс істеуде.