Алматы облысында жоғалған балаларды тәртіп сақшылары ата-анасына тапсырды
Алматы облысында жоғалған 5 жастағы екі баланы тәртіп сақшылары аман-есен ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жоғалған екі бүлдіршін – Текелі қаласының кішкентай тұрғындары, бір-біріне көрші.
12 тамызда кешке олар көшеге ойнауға кеткен. Көзінен таса болған соң, біраз уақыттан кейін олардың ата-аналары дабыл қаққан. Үйінің ауласында жүретін қызын таппаған ана баласын өз бетінше іздеуге тырысқан. Содан кейін қыздың жалғыз емес екендігі белгілі болған. Көрші үйдегі ұлдың да жоқ екені анықталған соң, оның да анасы іздеуге кіріскен. Қос бүлдіршін үйдің ауласында бірге ойнап жүргені және бір кезде ата-аналары олардан көз жазып қалғаны анықталды.
– Жеке құрам мүшелерінің көп жылғы тәжірибесіне қарамастан, екі баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама алғанда бүлдіршіндер үшін алаңдадық. Олар дереу іздеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Біз жоғалған балалар бойынша толық бағдар жасадық. Жеке құрам толығымен дабыл бойынша көтеріліп, іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу шараларына кәсіби волонтерлер мен жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер де тартылды. Бір жарым сағаттан кейін балалар үйлерінен екі шақырым жерден табылды, – деді Текелі қалалық Полиция бөлімінің бастығы Ұлан Садықов.
Өз үйлеріне аман-есен оралған балалар ата-аналарымен қауышты.
– Осы бір жарым сағат ішінде басымызға неше түрлі ойлар кіріп-шықты, тіпті не туралы ойлайтынымызды білмедік. Бәрі сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз. Балалар аман-есен. Бұл полицейлердің еңбегі мен кәсіби шеберлігі деп есептейміз, оларға шексіз алғысымызды айтамыз. Нағыз өз ісінің шеберлері мен жауапкершілігі жоғары балалар полицияда қызмет етеді, – деп бөлісті қыздың анасы Екатерина.