Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, түлектерді тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусым күні » Instagram» әлеуметтік желісінде бейнеролик жарияланған, онда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші өз автокөлігімен мектеп бітірушілерді жалпы пайдаланымдағы автожол бойымен тасымалдаған.

View this post on Instagram

🔥🔥🔥

A post shared by @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz) on


Панфилов аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары желіде орналастырылған бейнежазбаға қызығушылық танытып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін «Toyota Mark2» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ҚР Әкімшілік кодексінің төрт бабы бойынша жауапкершілікке тартты және жалпы соммасы 55 560 теңге көлемін құрайтын айыппұл салды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, салынған айыппұл төленгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру