Алматы облысында жол жүру ережесін сақтамағаны үшін 10 мыңға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жазаға тартылған
Алматы облысының тәртіп сақшылары жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету барасында жол ережесін өрескел бұзған 9859 адамға әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету барысында біз тек көлік жүргізушілерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де жол ережесін қатаң сақтауын талап етеміз. Жолды кез келген жерінен кесіп өту, осы арқылы апаттық жағдай тудыру деректері жиі орын алады. Атап айтсақ, жол ережесіне бағынбаған 9859 жаяу жүргінші айыппұл арқалады, – деп атап өтті облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов.
Ведомство басшысының ақпараты бойынша, биыл жаяу жүргіншінің өміріне қауіп төндіріп, жол басымдығын бермеген 1562 жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.