Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жүргізушілерге арналған профилактикалық іс-шара өткізілді

Алматы облысында жүргізушілерге арналған профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, жүргізушілерді заңсыз ақшалай сыйақылардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жүргізушілерге заң талаптары, заңсыз ақшалай сыйақы беру және алу үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ полиция қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезіндегі құқықтары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Жүргізушілерге ақпараттық брошюралар таратылды. Онда полиция қызметкерлері тарапынан құқықтары бұзылған жағдайда жүгінуге болатын байланыс нөмірлері көрсетілген. Сондай-ақ брошюраларда QR-код орналастырылған, оның көмегімен қосымша ақпарат алып, уәкілетті бөлімшелерге жедел түрде өтініш жолдауға болады, – деді тәртіп сақшылары.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді және полиция мен азаматтар арасындағы сенімді арттыруға, құқық қорғау органдары қызметінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру