Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысындағы әйелдер колониясында Ұстаздар күні салтанатты түрде атап өтілді

Алматы облысының Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында Мұғалімдер күні салтанатты түрде атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған мекемедегі Алматы облысы білім беру басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің кешкі мектебінің ұстаздарына мекеме басшысының алғыс хаттары табысталса, сотталған әйелдер ұстаздарға көңілді кеш сыйлады.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №10 мекемесіндегі кешкі мектепте 40 қыз-келіншек оқиды. Оның алтауы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыздар. Тағдырлары темір торға шырмалған әйелдерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында 14 мұғалім еңбек етуде. Олардың арасында Көшербай Адилов, Мейірқұл Абдымолдаев, Ақжолтай Валиева сияқты тәжірибелі педагогтар да бар.

Мұғалімдерге арналған концерттік бағдарламада жазалы әйелдер ән шырқап, мың бұрала би биледі. Қыз-келіншектердің өнеріне риза болған ұстаздар қауымы оларға тезірек бостандыққа шығып, отбасыларына оралуға тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру