Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысындағы тойда атыс қаруын қолданғандар ұсталды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында өткен тойда атыс қаруын қолдануға байланысты оқиға болды. Полиция құқық бұзушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері барлық құқық бұзушыларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды.

Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Тергеу барысы басшылықтың жеке бақылауында.

Жалпы Алматы облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Қылмыстар санының тұрақты төмендеуі байқалуда. Дегенмен аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру