Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының әйелдер колониясында кітап оқу көрсеткіші артты

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесінде сотталған әйелдердің кітап оқуының өсуі байқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/4 әйелдер колониясы бір жылға жуық уақыт бойы «Чтение без границ» атты пилоттық жобасын жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі таңда кітап оқитын сотталған әйелдердің өсуі байқалады.

Кітапханада жобада ұсынылған көркем әдебиеттер тізімі бар. Кітапхананы толықтыруда Алматы облысының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратура, аудан әкімдіктері, сотталғандардың өздері және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.

Сондай-ақ, ІІМ Министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашевтің, адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімованың және «Penal Reform International» халықаралық қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанна Назарованың мекемеге келіп аралау кезінде ноутбук пен электрондық кітаптар сыйға тартылған болатын. Сыйлықтар «Чтение без границ» пилоттық жобасын кеңейтуге арналған.

 – Бұл жобаның мақсаты сотталғандардың оқырмандық қызығушылықтарын, оқу мәдениеттерін және оқу сауаттылықтарын дамытуға бағытталған сотталғандарды қолдау бағдарламасын әзірлеу болып табылады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру