Алматы облысының белсенді жастары бір күн ішінде 5 мыңға жуық граффити жазуды бояды
Есірткіге қарсы айлықтың аясында Алматы облысының белсенді жастары күніне 5 мыңға жуық граффити жазуды бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен және өңірдің белсенді жастарымен бірлесіп «Есірткісіз қала» атты ауқымды іс-шара өткізді. Облыс орталығының кадет сыныптарының тәрбиеленушілері де белсенді қатысты.
– Есірткіге қарсы тақырыпта буклеттер мен брошюралар таратумен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Полицейлер қолда бар техника мен құрал-жабдықтарды көрсетті, ал олардың қызметтік-іздестіру иттері сөзсіз мойынсұнушылық пен кәсіби дайындықты көрсетіп, көрініс қойды, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Жеңіс Жансеркенов.
Содан соң, полицейлер мен жастар топтарға бөлініп, есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазуларын бояуға кірісті.
– Өңір аумағында өткен іс-шараға 800-ден астам белсенді қатысқан. Бір күнде есірткі жарнамасы бар 5 мыңға жуық жазба боялды, – деп толықтырды Ж. Жансеркенов.