Алматы облысының ерлі-зайыпты полицейлері отбасы бақытының құпиясымен бөлісті
Алматы облысының ерлі-зайыпты полицейлері отбасы бақытының құпиясымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полиция қызметкерлері полициядағы жұмысы және отбасылық құпиялары туралы айтып берді.
Асылхан мен Зульфия Көбентаевтардың тағдыры 14 жыл бұрын қосылған. Олар жас офицерлер бола тура Іле аудандық полиция басқармасының қабырғасында кездесті. Қазір Асылхан көші-қон қызметінде, ал Зульфия – аға тергеуші.
– Тату отбасында туып-өскен адам бақытты. Отбасында махаббат билік етуі керек және бұл туралы бәрі біледі. Сонымен қатар түсіну, шыдамдылық, құрмет, тыңдауға және көмектесуге дайын болу қажет. Жақындарыңыздың алдында жауапкершілікті сезіну, оларға тиісті көңіл бөлу керек. Бір салада қызмет істей отырып, біз жұмыста және күнделікті өмірде бәрін үлгеру қаншалықты қиын екенін ешкім түсінбейді. Бұл біздің бақыттың құпиясы, – деп атап өтті Зульфия Көбентаева.
Бүгінде Асылхан мен Зульфия төрт баланы тәрбиелеп отыр, олардың ең үлкені 12 жаста, ал ең кішісі екі жаста. Ерлі-зайыптылардың үлкен отбасы болғанына қарамастан, олар аудандық полиция басқармасында өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
– Біз табыстымыз, өйткені біз өз кәсібімізді жақсы көреміз және антымызға адалмыз. Біз үшін полицияда қызмет ету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен мақтаныш. Бірақ біздің табысымыз сенімді тылсыз мүмкін болмас еді, өйткені отбасы – бекініс, қиындықтардан құтқару, қолдау, – деп қосты Зульфия.