Алматы облысының колониясына ішімдік пен телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме қызметкерлері өткізілген іс-шара барысында алкогольды ішімдік пен телефондарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан скотчпен оралған 6 түйіншек және сұйықтыққа толы 3 пластикалық бөтелке анықталды. Түйіншек ішінен 12 дана әр түрлі телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 1 wi-fi роутері және спирт иісі бар 2.5 литр көлемінде сұйықтық тәркіленді.
– Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қалалық полиция бөліміне жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Бакытжан Шарипбеков.