Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының колониясында Ghetto Dogs тобы өнер көрсетті

Алматы облысының колониясында Ghetto Dogs тобы өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 мекемесіне Ghetto Dogs тобының қатысушылары келді. Заречный кентінде орналасқан түрме сахнасында танымал рэперлердің хиттері шырқалды.

– Колонияға келіп сотталғандарға әндерімізді орындап, жігіттерге қолдау көрсетіп, оларға көңіл-күй сыйлауды шештік. Баршаларына өз отбасыларына аман-есен оралуын тілейміз, – деп атап өтті белгілі қазақстандық рэперлер.

Рэперлер көрермендердің қошеметіне бөленді, әсіресе Ghetto Dogsтың «Тателер» хиті.

Қиын өмір тақырыбындағы әндермен және әзілмен жазылған рэптен шабыттанған сотталғандар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен эмоциялар мен әсерлермен бөлісті. Айтылған композицияларға ешкім бей-жай қарамады. Өз кезегінде сотталғандар қонақтарға өз шығармаларындағы әндерді домбырамен орындады.

– Бұл іс-шаралар қоғамнан оқшауланған сотталғандарды рухани тәрбиелеу және әлеуметтік деңгейін арттыру үшін өткізіледі. Осылайша, біз сыртқы әлеммен байланыстарын үзбей, мәдени құндылықтарға қол жеткізуге көмек береміз, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру