Алматы облысының колониясында жаза өтеу тәртібін бұзған сотталғандармен кездесу өтті
Алматы облысының колониясында жаза өтеу тәртібін бұзған сотталғандармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №49 мекемесінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Құқық қорғау ұйымдарының, мамандандырылған прокуратураның және ҚАЖ департаментінің өкілдері жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандармен кездесті.
ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында қылмыстық-атқару заңнамасы мен күн тәртібінің талаптарын сақтау болып табылады.
Сотталғандармен жұмыс кездесуіне Алматы облысының Ұлттық алдын алу тетігі басшысы Максим Кудрявцев, Алматы облысының қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілі Оксана Ибрагимова, Алматы облысының мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның және ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қатысты.