Алматы облысының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өткізілді
Алматы облысының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні қарсаңында шағын футболдан турнир өткізілді. Аталған турнирде Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің командасы жеңіске жетіп, екі дүркін чемпион атанды. Жеңімпаз команданы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы құттықтап, ойыншылардың шеберлігін ерекше атап өтті.
Турнир қорытындысы бойынша № 57 мекеме бастығының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Нұржан Мақұлжанов үздік ойыншы болып танылды.