Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының оқушылары полиция қызметімен танысты

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматы облысының тәртіп сақшылары полицей болуды арман еткен кішкентай қонақтарды полиция департаментіне экскурсияға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқушыларға полицияда бар қару-жарақ үлгілері, арнайы қорғаныс құралдары көрсетіліп, олардың тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы айтылды.

– Бізге оқуға арналған қару көрсетіліп, оқ өтпейтін жилетті киіп көруге рұқсат етілді. Біз арнайы күштердің жұмысы қалай болатынын өх көхімізбен көре алдық, сезіндік. Эмоциямызды айтып жеткізу мүмкін емес, – деді 6-сынып оқушысы Тұрар Қайсарұлы.

– Балаларға арналған бағдарлама өте қарқынды өтті. Кішкентай қонақтарға жедел-криминалистикалық зертхананың, жарылыс-техникалық кешеннің, сондай-ақ ведомство қызметіндегі басқа да арнайы техниканың мүмкіндіктері көрсетілді. ЖҚАЖ жауынгерлерінің қоян-қолтық ұрыс жүргізу дағдыларын көрсетуі жасөспірімдердің ерекше қошеметіне бөленді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қонақтардың ерекше эмоциясына Кинологиялық орталық қызметкерлерінің полицияда қызмет ететін иттердің қатысуымен көрсетілімі де ие болды. Төрт аяқты жануарлар есірткі мен жарылғыш заттардың әртүрлі түрлерін анықтау және ведомство қызметкерлерінің бірі қылмыскер рөлін атқарып, қылмыскерді қудалау, ұстау және айдауылдау қабілетін көрсетті. Сонымен қатар полицейлер балаларды құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырып, ішкі істер органдарының құрылу тарихы, біздің заманымыздың полициясы, сондай-ақ қазіргі тәртіп сақшысы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс екендігі туралы жеткізді.

– Бүгінгі іс-шара жастардың бойында патриоттық рухты, сондай-ақ Отан алдындағы борыш сезімін арттыру мақсатында өткізілді. Өскелең ұрпақты адамгершілік-патриоттық рухта тәрбиелеу – еліміздің тұрақты дамуының кепілін қамтамасыз ететін қазіргі қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі, – деп толықтырды Б. Әленов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру