Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының патрульдік полицейлері өрт шыққан көлікті дер кезінде тоқтатты

Алматы облысының патрульдік полицейлері жалынға орана жаздаған көлікті тоқтатып, өрттің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 8 қарашасында шамамен сағат 13.20-да «Борт 249» патрульдік полициясы взводы командирінің міндетін атқарушы Дархан Танабаев бағыныштылардың қызмет өткеруін тексеру кезінде, Талғар-Есік-Бәйдібек би автожолымен келе жатып, ілеспе бағытта келе жатқан жүк «Газелінің» шанағындағы түтінді байқаған. Полиция қызметкері көлік құралын тоқтатып, қызметтік өрт сөндіргішті пайдаланып, өтіп бара жатқан жүргізушілермен бірлесе санаулы секундтарда жанып жатқан жалынды дер кезінде ауыздықтады. Жүк көлігінің шанағында Түрген ауылындағы тапсырыс берушіге арналған қағаз, тез тұтанатын қораптардың болғаны белгілі болды.

Кейінірек өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болғаны анықталды. Жүргізуші көлік пен жүктің өртенуіне жол бермей, жедел, әрі уақтылы көмек көрсеткен құтқарушыларына үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру