Алматы облысының полицейі табиғатты қалай қорғайды
Юрий Тоқтаров – табиғатты қорғау полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы лауазымында қызмет етеді. Ол азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Юрий Тоқтаров – өмірін Қазақстанның табиғатын қорғауға арнап келеді.
Оның жұмысы елдің бірегей табиғи ресурстарын сақтауда маңызды рөл атқаратын экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Тоқтаров үнемі рейдтерге шығып, су қоймаларының, таулы аудандар мен далалардың жай-күйін тексеріп, бұзушылықтарды анықтап, профилактикалық жұмыстарын жүргізеді.
1984 жылы Қаратал ауданы Дзержинск ауылында дүниеге келген Юрий бала кезінен бастап табиғат аясында өскен, бұл оның шабытына және кәсібіне айналды. Ол ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді және табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға деген сезім онымен үнемі бірге болды, бұл оны табиғатты қорғау полициясының қатарына келуге ықпал болды.
– Табиғат – біздің ортақ үйіміз және біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға міндеттіміз. Менің міндетім – құқық бұзушыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Біздің мақсатымыз –азаматтарды табиғатқа қамқорлы және ұқыпты қарауға тәрбиелеу, – деді Ю. Тоқтаров.
Ол өзінің рейдтерінде бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, адамдарға экологияның маңыздылығын және табиғатқа ұқыпты қарау екенін түсіндіруге тырысады.
Юрий Тоқтаров – табиғатты қорғауда өз кәсібін тапқан адамның жарқын бейнесі. Оның заңға және қоғамға қызмет етуі бәрімізге тиесілі нәрсені сақтауға көмектеседі.