Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері алаяқ қойшыны ұстады

Алматы облысының полицейлері алаяқ қойшыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан Текелі қаласының 33 жастағы тұрғыны сеніп тапсырылған 64 қой және 12 жылқыны ысырап еткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ескелді ауданының полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны полицияға жеткізді. Аталған азамат өзінің кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, тергеу барысында күдіктінің аудан тұрғындарының сеніміне кіріп, жоқ малды сатып, 1 365 000 теңге көлемінде залал келтіргені туралы факті белгілі болды", - деп хабарлады Ескелді ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Сейсембеков.

Зардап шеккендердің үшеуі де бірнеше жыл бойы ай сайын күдіктіге мал жайғаны үшін төлем жасаған. Олар күдіктінің құрбаны болғанын білгеннен кейін іздеу салған, еш нәтиже болмай, полицияға бірге арызданған.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189 және 190-баптары бойынша екі қылмыстық іс, яғни сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету және алаяқтық бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Егер Сіз аталған азаматтың құрбаны болсаңыз, дереу Ескелді ауданының полициясына хабарласыңыз немесе "102" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп толықтырды Сейсембеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру