Алматы облысының полицейлері ауқымды спорттық шара өткізді
Алматы облысында полицейлер мемлекеттік құрылым қызметкерлері арасында есірткіге қарсы ұранмен спартакиада өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа полиция, прокуратура, ҰҚКД, ТЖД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, МКҚБ, ҚАЖД, шекара қызметі, кеден, сот атынан 17 команда қатысты.
– Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде қоғамның жаңа індеттерімен күресу қажеттігін атап өтті. Ол бес әлеуметтік зұлымдықтың таралуына сенімді тосқауыл қоюға шақырды. Олардың арасында есірткі саудасы мен нашақорлық ерекше орын алады. Қазіргі әлемнің жаһандық мәселесіне назар аудару және есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында полицейлер осындай ауқымды профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.
Жарыс басталар алдында полицейлер 26 мамырдан 26 маусымға дейін созылған есірткіге қарсы айлықтың белсенді қатысушыларын алғыс хаттармен марапаттады.
Жалпы командалық есепте облыстық полиция департаментінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды өңірдің ТЖД жеке құрамы иеленді. Үшінші орынға Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ие болды.
Жарыс жеңімпаздары арнайы дайындалған кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шараның қалған қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.