Алматы облысының полицейлері азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап берді
Алматы облысының полицейлері азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онлайн кездесу құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан жұмыстың барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, Алматы облысы ішкі істер органдарының қызметіне қатысты сұрақтарға толық жауап беруге арналған.
Эфир барысында жол қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, кадр саясаты бойынша сұрақтар және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Азаматтардың сұрағына облыстық ПД бастығының орынбасары Елжан Чупеков барынша толыққанды жауап берді.
Өзара іс-қимылдың бұл форматы құқықтық тәртіп органдары мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етуге, сондай-ақ тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарына жедел ден қоюға көмектеседі.
– Мұндай эфирлерді өткізу полицияның халықпен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тұрақты тәжірибеге айналды, – дейді Алматы облысы ПД қызметкерлері.