Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері балалардың түнгі бос уақытын қалай өткізетінін тексерді

Алматы облысының полицейлері түнгі сағат 23:00 кейін ересектердің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша арнайы шара жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2020 жылғы 12-14 тамыз аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған.

– Жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі Мемлекет Басшысының үнемі назарында. Бұл ішкі істер органдарына ерекше жауапкершілік жүктейді, сондай-ақ оны азайту үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттейді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың бастауы – балалар мен жасөспірімдерде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Өткізілген іс-шаралардың тиімділігі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары қатысқанда артады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы  Бағдат Әшімов.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз жүрудің алдын алу, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болу, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін, сондай-ақ ересек адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы қызметке тарту деректерін анықтау.

– Бірінші күннің қорытындысы бойынша 27 жасөспірім профилактикалық және тізімдік есепке алынды. Сонымен қатар, жұмыс барысында есепте тұрған 100 кәмелетке толмаған және 146 тұрмысы төмен отбасы тексерілді. 17 ата-анаға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа оларды ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында (Ата – аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді, – деп қорытындылады Бағдат Әшімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру