Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында мектеп оқушыларымен кездесті

Алматы облысының полицейлері «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында мектеп оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі әлемнің жаһандық проблемасына назар аудару және халықтың, әсіресе жастардың есірткі құралдарын қолдануға теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма қызметкерлері кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен және облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерлерімен бірлесіп, тұрақты негізде оқушылармен түрлі акциялар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

– Бұл жолы біз уәкілетті органдармен бірлесіп, «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында Қарасай ауданының жалпы білім беру мекемелерінде кездесу өткіздік. Бұл шараның мақсаты –оқушылардың нашақорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, нашақорлықтың қорқынышты ауру екеніне түсіндіру. Біз балалармен салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткінің ағзаға әсері туралы әңгіме жүргіздік. Балалардың назарына бейнероликтер ұсынылды, содан кейін балалар азғыруға қарсы тұру үшін адамның қандай қасиеттерге ие болуы керектігін біле алды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әуес Балтабайұлы.

Іс-шара барысында жастарға ақпараттық кітапшалар таратылып, профилактикалық роликтер көрсетіліп, кең түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының полицейлері «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында мектеп оқушыларымен кездесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру