Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері «хош иісті» қылмысты ашты

Алматы облысында әйел танысының үйінен француз иіс суын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бесағаш ауылының 32 жастағы тұрғыны үйінен құны 75 мың теңге тұратын француз иіс суының ұрланғаны турасында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшыларының қолданған шараларының нәтижесінде, ұрлық жасағанын мойындап, жедел қызметкерлерге иіс суды қайтарған жәбірленушінің 39 жастағы ауылдасы ұсталды. Күдіктінің айтуы бойынша, ол танысына жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектескен. Әтірдің хош иісін көріп, сезінген әйелге оның иісі өте қатты ұнаған, солайша ол ұрлық жасауға бекінген. Тәркіленген хош иісті әтір заңды иесіне қайтарылды.

Өзінің сүйікті иіс суын қайтарып алған жәбірленуші полицейлерге жылдам қызметі үшін алғысын білдіріп, хош иістің арбауынан ұрлыққа барған танысын кешірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру