Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері ірі қарасора плантациясын жойды

Алматы облысының полицейлері ірі қарасора плантациясын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-профилатикалық іс-шара шеңберінде облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері Іле ауданының аумағында көп мөлшерде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер өсіп тұрған алаңды анықтады.

Учаскеге құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің арнайы егілгендігі анықталды.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде 7 830 түп өсімдік бұтасының құрамында есірткі бар екені дәлелденді. Ол жалпы салмағы 12 тонна 700 кг  каннабис болып шықты.

Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өсімдіктерді жою үшін арнайы техника пайдаланылып, комиссиялық түрде жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру