Алматы облысының полицейлері карантин кезінде жұмыс істеп тұрған кафелерді анықтады
Алматы облысының полицейлері карантин кезінде жұмыс істеп тұрған кафелерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде коронавирус індетінің өршуіне байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың санитарлық-карантиндік тәртіптің белгіленген нормаларын сақтауы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.
2021 жылдың 17 сәуірінде полицейлер жүргізілген рейдтік іс-шара барысында Қаскелең қаласында орналасқан үш дәмхананы (кафе) анықтады. Олар карантин талаптарын сақтамай, өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырған. Сонымен қатар, олардың келушілерді кіргізу барысында дене қызуын өлшеуін жүргізбегендігі анықталды.
Анықталған деректерге қатысты материалдар жинақталып, шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Осыған орай, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері тұрғындардан құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.